$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркі мемлекеттері ұйымының келесі саммиті Қырғыз Республикасында өтеді

Бүгінгі самиттің қорытындысы бойынша маңызды құжаттарға қол қойылады

Түркі мемлекеттері ұйымының келесі саммиті Қырғыз Республикасында өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде келесі жылы өтетін саммит жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Кезекті 11-ші саммит келесі жылы Қырғыз Республикасында өтеді. Бүгін қабылданған шешімдер түркі елдерін одан әрі дамытуға ықпал ететіндігіне кәміл сенемін», - деді Қазақстан Президенті.

Ол самиттің қорытындысы бойынша маңызды құжаттарға қол қойылатынын жеткізді.

«Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі, өзара көмек көрсетіп, тиімді іс-әрекет жасауы өте маңызды. Бабаларымыз «Тірлік басқа болса да – тілек бір, бармақ басқа болса да – білек бір» деген. Біздің Түркі ықпалдастығын нығайту жолындағы ортақ табысымыз – соның айқын көрінісі. Саммиттің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданады, құжаттарға қол қойылады. Оның бәрі Түркі әлемін өркендетуге, елдеріміздің ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ аймақтағы ықпалдастықты дамытуға және ұйымның беделін күшейтуге зор үлес қосады деп сенемін», - деді Тоқаев.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары