Ердоған шахтада қаза тапқан кеншілерге қатысты көңіл айтты

Автор: Аманалина Тоғжан

Мерейтойлық саммитте барлық түркі елінің басшылары сөз сөйледі

Фото ашық дереккөзден

Түркия елінің президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілерге қатысты көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қарағандыдағы шахтада болған трагедияда қаза тапқан кеншілерге қатысты көңіл айтамыз. Олардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, сабыр тілейміз», - деді Ердоған.

Еске салсақ, 28 қазан күні «Костенко» шахтасында апат болып, 46 кенші қаза тапқан болатын.