Мемлекет басшысы Франция президентін салтанатты түрде қарсы алды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Фото: Ақорда

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макронды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алғанын жазған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.