Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады
Болат Бекнияз Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Үкіметтің қаулысымен Болат Қабыкенұлы Бекнияз ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды», - деп жазылған хабарламада.