Мемлекет басшысының Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сапар барысында Президент БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді

Фото ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді, сондай-ақ «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.

Бұдан бөлек, Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.