Тәжікстанда өткен Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
- 1. Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Душанбе мәлімдемесі;
- 2. Тәжікстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалығының қорытындылары туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;
- 3. Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі қызмет туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;
- 4. Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі.
Кездесу барысында арнайы баяндама жасаған Қасым-Жомарт Тоқаев келесі саммитті Қазақстанда өткізуді ұсынды.