Тараптар өңірлік халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының жай-күйі мен дамыту перспективаларын, оның ішінде өңірлік халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады», - делінген хабарламада.
Тараптар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін тексерді.