Қазақстан мен Вьетнам арасында тиісті құжатқа қол қойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім жасалды, деп Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда ресми сапармен жүр.
Сапар аясында Қазақстан мен Вьетнам арасында 12 құжатқа қол қойылды.
Құжаттардың арасында Қазақстан мен Вьетнам Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім бар.