11.08.2023, 12:20
Саясат
Президент сэр Сума Чакрабартиді қабылдады
Тоқаев Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне оң баға берді
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы сэр Сума Чакрабартиді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Президент сэр Сума Чакрабартиге экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші лауазымында атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев оның Реформалар жөніндегі жоғары кеңес аясында айтқан ұсыныстары бірқатар бағдарламалық құжаттарда қолдау тапқанын атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне оң баға берді.
Өз кезегінде Сума Чакрабарти зор сенім артқаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді.
Көп оқылған
24.10.2026, 08:31
Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті
24.10.2026, 12:31
Астанада автобус жүргізушісіне тап берген азамат ұсталды (ВИДЕО)
24.10.2026, 14:42
Алматы облысында жеңіл көлік дүкен ішіне басып кірді (ВИДЕО)
24.10.2026, 06:24
Атыраудағы НЗМ мұғалімі оқушымен хат алмасқаны үшін жұмыстан шығарылды
24.10.2026, 11:02
Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған
24.10.2026, 07:31
24 қазанда Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды