Екібастұзда құны 35 миллиард теңге болатын техникалық кремний өндіру зауыты салынады

Автор: Azattyq Rýhy

Тоқаевқа Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды

Фото: akorda.kz

Павлодар облысында жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және инвестициялық тартымдылығы жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап.

Облыс әкімі Асайын Байхановтың баяндауынша, бірінші жартыжылдықта өңірге 344 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 30 пайызға жоғары.

Өңір басшысы Екібастұзда құны 35 миллиард теңге болатын техникалық кремний өндіру зауыты салынатынын айтты.

Cондай-ақ облыста EkibastuzFerroAlloys компаниясының зауыты іске қосылмақ. Жобаға 92 миллиард теңге инвестиция құю көзделіп отыр. Жоба аясында 1500-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады.

Ал теміржол машинасын құрастыру саласында RailCastSуstems компаниясы инвестиция көлемі 78 миллиард теңгені құрайтын ұсталық-бандаж өнімдерін шығару кешенін іске қосуды жоспарлап отыр.