$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.03.2020, 16:37
Саясат

Жағдайды түсінбегендер орнын босатсын – Тоқаев әкімдер мен министрлерге ескерту жасады

Ақордада төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Жағдайды түсінбегендер орнын босатсын – Тоқаев әкімдер мен министрлерге ескерту жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерін шешім қабылдаудың жаңа моделіне көшіп, батыл қадамдар жасауға шақырды.  Елдегі болып жағдайдың ауырлығын түсінбей, ескі сүрлеумен жүргендер орындарын босату керектігін айтты.

«Барлық мемлекеттік аппарат «шаблондық», қасаң жұмыс әдісінен арылуы керек. Қиын жағдай кезінде мемлекеттік басқару түбегейлі өзгеруі тиіс. Өзіңе жауапкершілік алып, батыл, күшті, пайдалы шешімдер қабылдау қажет. Мен өз кезегімде, мемлекеттік басқару жүйесіне дағдарыс салдарымен күресуде жылдам шешім қабылдауға мүмкіндік беретін бірқатар Қаулыға қол қойдым», - деді Президент төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында.

Осылайша, мемелекеттік органдарға бюджетке, бағаны бақылауға, мемлекеттік сатып алуға, жеңілдіктер ұсынуға және тағы басқа сұрақтарға қатысты өздігінен шешім жасауға мүмкіндік берілген.

«Мен әр Үкімет мүшесіне, әкімдерге басқаша режимде жұмыс істейтін уақыт келгенін жеткізгім келеді. Қазіргі жағдайдың күрделілігін түсінбей, ескіше «қалай болғанда да маған тиіп кетпесе екен» деп «сақтанып» жұмыс істейтіндер орнын босатуы тиіс», - деп ескертті Қ.Тоқаев.

Президент бұл – меморгандар жұмыла әрекет ететін, елдің береке-бірлігі сыналатын уақыт екенін тағы да еске салды.

«Әрбір дағдарыстың екі жағы бар. Біріншіден, бұл, әлбетте – қауіп, бірақ, екіншіден, бұл – мүмкіншілік. Індет, дағдарыс дегеніміз – уақытша, өтпелі нәрсе. Біздің алдымызда тұрған мақсат – мүмкіндікті барынша пайдалану, осы дағдарыстан аман-есен шығып, одан да мықты болуымыз керек», - деп түйіндеді ол.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары