Ангела Меркель үй карантиніне жабылды
Канцлердің дәрігерінен індет анықталды
Мұндай қадамға 20 наурызда канцлерге пневмокококк инфекциясынан екпе жасаған дәрігерден коронавирус анықталғаны түрткі болды, деп хабарлайды dw.com.
Германия Федералдық канцлері Ангела Меркель 22 наурыз күні үйде карантиніне жабылды. Бұл туралы Германия үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайберт мәлімдеді.
«Меркель бірнеше күн қатарынан коронавирусқа тест жасатады, себебі бүгін тестілеу сенімді нәтиже бере алмады», - деп түсіндірді Зайберт.
Канцлер карантин кезінде өз қызметтік міндеттерін атқара береді. Үкіметтің ресми өкілі мәлімдеме жасардың алдында ғана, Меркель баспасөз мәслихатында Германияда коронавирустың таралуын тоқтату жөніндегі қосымша шаралар туралы федералдық жер басшыларымен келісімге қол жеткізілгені туралы хабарлаған.
«Оған екпе жасаған дәрігердің індет жұқтырғаны туралы канцлер БАҚ – қа шыққанда білген»,- деп атап өтті Зайберт.