Түркия мен Өзбекстан Қазақстанға көмек көрсетуге дайын - СІМ

Автор: Аягөз Құрмаш

Министрлікке ешкім ұсыныс тастамаған

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанға көмек көрсетуге ниетті елдерді атады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Профильдік министрліктерге түспесе, Сыртқы істер министрлігінің желісі арқылы көмек көрсету туралы ұсыныс келіп түскен жоқ»,- деді Смадияров.

Ол атағандай, егер апат үлкен болып, мемлекеттің күші жетпесе көмек сұрауға мәжбүр болады.

«Әзірге, біз ондай көмек сұрап жатқан жоқпыз. Бірақ, бірнеше ел көмек көрсетуге ниет білдірді деп естідім. Мемлекет басшысы мен біздің министр серіктестерімен сөйлесті. Сонда Түркия мен Өзбекстан көмек көрсетуге дайын екендерін айтқан», - деді Айбек Смадияров.