Ердоған Қазақстан халқына көңіл айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Фото: t.me/aqorda_resmi

Түркия тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Түркия Президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.