ҚР Президенті Іс басқарушысының жаңа орынбасары тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл қызмеке Абай Алтай келді

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал, осыған дейін бұл лауазымды атқарған Маржан Әкімжанова қызметінен босатылды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.