Қазақстан Ресей мен Украина шекарасына бітімгершілік күш жібере ме?

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл сұраққа Қорғаныс министрінің орынбасары жауап берді

Фото: zakon.kz

Мәжіліс Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысты 3 заң қабылдады. Енді осы «заң аясында Қазақстан Ресейге әскер жіберуі мүмкін бе?» деген сұраққа Қорғаныс министрінің орынбасары жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәжілістің кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов журналистердің сұрағына жауап берді.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысты заң аясында Қазақстан Ресейге әскер жіберуі мүмкін бе, деп сұрады журналистер. Қорғаныс министрлігінің өкілі мұндай сұрақ көтерілмегенін айтты.

«Мұндай тәуекелдер жоқ. Әскери контингентті мемлекеттен тыс жерге жіберуді Парламент мақұлдайды. Парламент мақұлдаса, жібереміз. Біз мұндай сұрақтарға жауап бермейміз, тек Қорғаныс министрлігі құзыретті сұрақтарға жауап береміз. Парламент пен Мемлекет басшысына қатысты сұрақтарға жауап бермейміз», - деп қысқа жауап берді ол Мәжілісте.