Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді

Автор: Azattyq Rýhy

Сапар аясында Мемлекет басшысы мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап көріп, бірқатар кездесу өткізеді

Фото: akorda.kz

Президент Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап көреді, бірқатар кездесу өткізеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Алматыда Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланған.