Екі ел басшысы келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр
«Ақорда» резиденциясында Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары орындалды.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.