Бағдат Мусин Президент кеңесшісі болып тағайындалды
Ол бұған дейін осы салада түрлі қызметтер атқарған
Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Бұған дейін ол осы салада түрлі лауазымды қызметтерді атқарған.
Атап айтқанда, 2014 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, 2014-2017 жылдары «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы, 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болған.
Сондай-ақ, бүгін Президент өкімімен Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болған еді.