Қорғаныс министрі президентке оқ-дәрі сақталатын қоймалардың жай-күйі туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Тоқаев әскери кадрлардың сапасына мән беруді тапсырды

Бүгін мемлекет басшысы Ақордада Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады,-деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

 Нұрлан Ермекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің геосаяси және экономикалық бағыттағы сын-қатерлерді мониторингтеу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары, халықаралық әскери ынтымақтастық мәселелер туралы айтты. Сонымен қатар еліміздің Қарулы Күштерін тиімді басқаруды жақсартуға және қорғаныс қабілетін арттыруға негізделген заң жобасын дайындау жайында мәлімет берді.

Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің, оқ-дәрі қоймаларының, полигондар мен әскери қалашықтардың инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстарын жүргізуге баса мән берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министріне әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын көтеруге және әскери кадрларды дайындау сапасын арттыруға, сондай-ақ, әскери тәртіпті күшейту шараларын қабылдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.