Президент ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.