Владимир Путин Қазақстанмен шекарада карантиндік бақылауды күшейтуді тапсырды

Автор: Azattyq Rýhy

РФ Үкіметі 1 тамызға дейін тиісті баяндаманы ұсынуы тиіс

Ресей президенті Владимир Путин Ресей мен Қазақстан шекарасындағы өткізу бекеттеріндегі тауар  айналымына карантиндік фитосанитарлық бақылауды күшейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Ресей Федерациясының Үкіметі Қазақстан Республикасымен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, оның ішінде  карантинге жатқызылған өнімнің айналымына мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылауды күшейту жөнінде шаралар қолдансын", – делінген Кремль сайтында жарияланған хабарламада.