Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы келісім күшіне енді

Автор: Azattyq Rýhy

Құжатқа  2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған

 

2015 жылдың 21 желтоқсанында сол кездегі Астана қаласында, (қазіргі Нұр-сұлтан) қол қойылған Еуропалық Одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қазақстан Республикасы арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім 2020 жылдың 1 наурызында күшіне енеді, - делінген  Еуропалық Одақтың ресми журналында (Official Journal of the European Union).

Kursiv.kz-тің жазуынша  келісімде өзара іс-қимылдың 29 саласы белгіленген. Халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, қарусыздану, сауда-экономикалық мәселелер, сауда, инвестициялар, инфрақұрылымды дамыту, инновациялар, мәдениет, спорт, туризм, құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық, білім беру және адами капиталды дамыту саласындағы келісімдер қамтылған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин ЕО Қазақстанның басты инвесторларының бірі және ірі сауда әріптесі екенін мәлімдеген болатын.

«2019 жылдың 9 айында Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар  $8,7 млрд дейін жетіп, 15,8% - ға артты», – деді  Асқар Мамин.