Тоқаев: Конституцияға қайшы келетін ұрандарға жол берілмейді

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы бейбіт жиындар арнайы белгіленген жерде өтуі тиіс екенін ескертті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт жиындар туралы заңда жиын өткізу туралы алдын ала ескерту қағидаты болуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.  

«Бейбіт жиындар туралы заңда жиын өткізу туралы алдын ала ескерту қағидаты болуы тиіс. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылар жиынға қатысатын азаматтардың саны жөнінде билікті хабардар етуге міндетті.

Бейбіт жиындар арнайы белгіленген жерлерде өтуі тиіс. Конституцияға қайшы келетін ұрандарға жол берілмейді», - деді Президент өзінің Тwitter парақшасында.