Сайлау мемлекеттік саясаттың жаңа форматын белгілеу тұрғысынан маңызды – сарапшы

Автор: Azattyq Rýhy

Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы 19 наурызда өтеді

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров алдағы Парламент сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алдағы сайлау жергілікті мемлекеттік саясаттың жаңа форматын белгілеу тұрғысынан маңызды. Мәжілісте бір мандатты округтерден небәрі 29 депутат, яғни төменгі палата депутаттарының жалпы санының 30 пайызы сайланады.

Жергілікті деңгейде мәслихаттарда республика бойынша 3749 депутат болады. Оның ішінде облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының мәслихаттарына саяси партиялардан тек 334 депутат сайланады. Қалған 3415 депутат барлық деңгейдегі – облыс, қала, аудан бойынша бір мандатты округтер бойынша сайланады», - дейді сарапшы.

Сөз арасында Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының мәртебесін

«Әрине, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының мәртебесі әртүрлі, бірақ бұл олардың жауапкершілігін төмендетпейді. Егер бүгінде саяси партиялар жергілікті жерлерде саяси тәжірибе мен мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарса, жақын болашақта бұл функцияны мажоритарлық депутаттар бөлісуі мүмкін. Сондықтан жергілікті саясаткерлердің адами капиталына көңіл бөлуі өте маңызды. Бұл алдағы сайлаудың жаңа форматы мен реформалық жаңалығының бір бөлігі».

Айта кетейік, Мемлекет басшысы жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын өткізу туралы, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы шығарды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 19 наурызға Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгіледі. Мәслихат депутаттарының сайлауы да дәл осы күні өтеді.