Екі ел басшылары телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Мемлекет басшысы құттықтағаны үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын білдіріп, Қырғызстанмен арадағы көпжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайта беретініне ниетті екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.