Рим папасы Римдегі ғимараттарды да ұсынуға дайын
Дүниежүзілік ескі сенушілер одағының (WBU) төрағасы Леонид Севастьянов Рим Папасы Францисктің Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путиннің келіссөздерді Ватиканда өткізу ұсынысы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy РИА Новостиге сілтеме жасап.
Понтификпен байланыста болған BCC басшысының айтуынша, Рим Папасы көшбасшылардың кездесуі үшін Ватиканның өзін ғана емес, Римдегі көптеген ғимаратты беруге дайын.
Севастьянов Франциск Еуропа мен Ресейге Украина қақтығыстарын реттеуші ретінде бейтарап ұстанымында деген пікір білдірді.
«Қазір бастысы «әзілге айналдыру» емес, бұл идеяны қолдап, Рим Папасы Францисктің шақыруын орындау», - деді Ескі сенушілер одағының төрағасы.
Бұған дейін Макрон Рим Папасы Францискпен кездескен. Жиын барысында ел басшысы понтификтен Ресей президенті Владимир Путин мен патриарх Кириллге, сондай-ақ АҚШ президенті Джо Байденге телефон соғуын өтінді. Сонымен қатар саясаткер Рим папасын Украинадағы бейбітшілікті нығайтуға шақырды.
Айта кетейік, Рим папасы Астанада қыркүйектің басында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысқан болатын.