Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы басталды

Автор: Әсел Оршыбекова

Шараға Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов бірінші рет қатысып жатыр

Фото: akorda.kz

Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы басталды. Шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары, сондай-ақ атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы қатысады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.                                                        

Жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен аталған шараға бірінші рет қатысып жатқан Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедовты атап өтіп, оның мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

«Қатысып отырған әріптестерімнің және өзімнің атымнан Сізді қош көрдік, түрікмен халқының игілігі үшін Сіздің жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекеттері Басшыларының кезекті отырысы ашық деп жарияланады. Бүгін Мемлекет басшылары кеңесінің қарауына гуманитарлық әріптестікке, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ынтымақтастығымыздың басқа да аспектілеріне қатысты маңызды мәселелер ұсынылды», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Тегтер: