АҚШ сенаты бұл жөнінде арнайы қарар қабылдады
АҚШ президенті Дональд Трамп енді конгрестің рұқсатынсыз Иранға қарсы әскери іс-қимылды өз бетімен бастай алмауы мүмкін. Өйткені АҚШ конгресінің сенаты оның өкілеттілігін шектеу жөнінде арнайы қарар мақұлдады.
Бірқатар әлемдік БАҚ-тың хабарлауынша, қарарға Конгрестің 55 мүшесі жақтап дауыс берсе, 45-і қарсылық білдірген. Сонымен қатар, құжатты демократтардан басқа республикалық партияның 8 мүшесі қолдаған.
Енді қарарды АҚШ өкілдерінің палатасы қарайды. Дональд Трамптың өзі қарарға қарсылық білдірді. Ақ үй қожайыны мұны «демократияның әлсіздігінің көрінісі» деп есептейтінін айтты.
Иран мен АҚШ-тың арасы 3 қаңтарға қараған түні шиеленісіп кеткен. Себебі АҚШ арнайы операция кезінде Иранның «Әл-Кудс» күштерінің қолбасшысы генерал Қасем Сулейманиді атып өлтірген болатын. Бұл соққыға жауап ретінде Тегеран Американың Ирактағы әскери базаларына зымыранмен соққы жасаған еді.