Екі елдің президенттері БАҚ-тан жабық форматта өтетін кездесулерге кетті
Бұған дейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды елорда әуежайынан күтіп алған еді, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Әуежайдан соң, Қазақстан президентінің резиденциясына алдымен Түркия мемлекетінің делегаттары, кейін президенті Режеп Тайип Ердоған жетті.
Тоқаев алдымен оған ҚР министрлер кабинетінен келіп отырған бірқатар министрлерді таныстырып, артынша өзі Түркиядан келген делегаттармен қолалысты.
Кейін екі елдің президенттері БАҚ-тан жабық форматта өтетін кездесулерге кетті.
Айта кетсек, Режеп Тайип Ердоған елімізге екі күндік мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Президентімен екіжақты кездесу өткізіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің IV отырысына қатысады.
Сондай-ақ Түркия басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне де қатысады.