$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2022, 15:33
Саясат

Мемлекет басшысы Сингапур делегациясын қабылдады

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың артқаны атап өтілді

Мемлекет басшысы Сингапур делегациясын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Премьер-министрі кеңсесінің министрі Мұхамед Малики бин Османмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Сингапурдың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысуы АӨСШК үдерісінің дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның АСЕАН-дағы маңызды серіктесі – достас Сингапурмен тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. 

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың артқаны атап өтілді.

Өз кезегінде Мұхамед Малики бин Осман Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-министр Ли Сянь Лунның ізгі тілегін жеткізді. Сингапур делегациясының басшысы өз елінің Қазақстанмен өзара іс-әрекетті одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты.

Кездесу соңында Сингапур министрі Мемлекет басшысына Президент Халима Якобтың Сингапурға мемлекеттік сапармен келуге шақыруын тағы да растады.

Серіктес жаңалықтары