Қордан 3 жыл ішінде 567 адам жұмыстан кеткен
Қазіргі таңда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есеп-қисабы мен қаржылық құжаттарын тәуелсіз аудиторлық компания сүзгіден өткізіп жатыр. Қор штаттық құрамын қысқартуға да көшкен.
«2019 жылы қызметкерлер құрамы 1981 адамнан 1740 адамға (12,2 пайызға) дейін қысқартылды. Ал үш жыл ішінде, яғни 2017 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта 25 пайызға немесе 567 адамға азайтылды. Соның нәтижесінде еңбекақы төлеу шығындары 13,2 пайызға төмендеді», - делінген бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының ресми сайтында.
БЖЗҚ штаттық құрам мен еңбекақы төлеу қорын қысқартып, халыққа электрондық-цифрлық қызмет көрсетуді мейлінше көбейтпек.