Тоқаев қоғам қайраткерімен латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылады

Автор: Azattyq Rýhy

 Әділ Ахметов ұсыныстарды асықпай зерттеу қажет екенін айтты

Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Әділ Ахметовті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің түйткілді мәселелері талқыланды.

Әділ Ахметовтің пікірінше, келіп түсіп жатқан ұсыныстарды мұқият, асықпай зерттеу қажет, сондай-ақ, оларды талдау кезінде ғылыми әдіске сүйену керек.

Сонымен қатар, еліміздің қоғамдық өміріндегі басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.