Ресей президенті бүгін мерейтойын атап өтіп жатыр
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді 70 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Кремльдің ресми сайтында жазылған.
В.Путин 1952 жылы 7 қазанда Ленинградта туған. 2000-2008 жылдар аралығында және 2012 жылдан бүгінгі күнге дейін Рсеейді басқарып келеді.