14.09.2022, 12:45
Саясат
Владимир Путин Қазақстанға сапармен келеді
Ресей президенті қазан айының ортасында келуі мүмкін
Фото: ашық дереккөзден
Ресей президенті Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне қатысу үшін Қазақстанға келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ресей президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне қатысу үшін Қазақстанға келеді. Сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы мемлекет басшыларының кеңесін өткізу жоспарланған. Біз, Ресей президенті қатысады деп күтеміз. Бұл шара қазан айының ортасында өтеді. Ресми растауын күтіп отырмыз. Мемлекет басшысының әрбір сапарында екіжақты кездесу өткізіледі», - деді Мұхтар Тілеуберді.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
Бүгін, 10:00
i5024 test item
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды