Президент Ұлыбритания Премьер-министрін құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Лиз Трасс Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі болып тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Лиз Трассты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

«Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, ортақ құндылықтар мен басымдықтарға негізделген әрі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Қазақ-британ көпқырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту және өзекті жаһандық мәселелер бойынша ұстанымдарымызды үйлестіру үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын екенімді жеткізгім келеді», – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.