Әміржан Қосанов президент сайлауына тағы да қатысуға ниетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өзін заң тұрғысынан мінсіз екенін айтып отыр

Vlast.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында биыл президент сайлауын уақытынан бұрын өткізетінін мәлімдеді. Президенттің осы ұсынысынан кейін саясаткер Әміржан Қосанов саяси науқанға қатысуға дайын екенін өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Еске салсақ, 2019 жылы болған президенттік сайлауда Ә.Қосанов сайлаушыладың 16,23 дауысын алып, саяси жарысты екінші орынмен аяқтаған еді.

«Мен 2019 жылы бар ресми процедурадан өткенмін. Иә, Әблязов, Қажыгелдин, тағы басқа ескі оппозиция мені қаралады, бірақ ертең басқа билік қарсыласын тіркесе, қолдаймын. Тіркемесе, президенттікке ұсынылып, тіркелуге мен дайын, өйткені тіркелу үшін заң жағынан мінсізбін», - деп жазды Әміржан Қосанов.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік сайлауға да реформа енгізуді ұсынып отыр. Ол бұрынғы жүйені толық жойып, президенттік мерзімді 7 жылға созу, бірақ бір адам тек бір-ақ рет президент болу қажеттігін айтты.