Президент өз Жолдауында салық саясатына тоқталып өтті
Тұрақты экономикалық өсу болжамды салық саясатына тікелей байланысты. Фискалдық реттеуді қайта жүктеу мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты.
Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Президент өз Жолдауында салық саясатына тоқталып өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев салықтық басқару функциясы толығымен жаңартылуы керектігін баса айтты.
«Сондай-ақ, кез келген бетпе-бет өзара іс-қимылды болдырмай, салықтық бақылауды толық цифрландыруды қамтамасыз ету міндеті тұр. Өркениетті сауданы дамыту үшін барабар мөлшерлемелермен және қарапайым рәсімдермен бөлшек салықты қолдануды кеңейту қажет. Салық реформасы аясында «сән-салтанатқа салық» енгізу мүмкіндігін қарастыру маңызды», - деді Президент.