Қашқын банкирдің ісін Нью-Йорктің алқабилері қарайды
Нью-Йоркте Әблязовке қарсы сот осыдан төрт жыл бұрын басталған. Алматы әкімдігі мен БТА банкі экс-банкир мен оның сыбайластары Құрама Штаттарда ұрланған қаражаттың ізін жасырды деп шағым түсірген.
«Сол кезден бері Алматы әкімдігі Аблязовтың жасаған қылмыстарын растайтын дәлелдер жинады, сондай-ақ көптеген куәгерлердің жауаптарын алды. Тергеудің сотқа дейінгі сатысы қазіргі уақытта аяқталуға жақын. Алматы әкімдігі АҚШ алқабилер соты 2020 жылы өтеді деп санайды»,- делінген Әділет министрлігі таратқан хабарламада
30 қырүйекте Нью-Йорк соты тағы бір шешім шығарды. Іс 2015 жылы алғаш рет қозғалғанда Алматы әкімдігі мен БТА Банкі талаптарының бірі Нью-Йорктегі Flatotel дейтін жылжымайтын мүлікті қайтару болатын. Аблязов пен оның сыбайластары мүлікті қайтармау үшін, оны 2014 жылы сатып жіберген. Алайда, 2015 жылдың соңында Алматы әкімдігі мен БТА Банк Нью-Йорк құрылыс компаниясының меншігіндегі жылжымайтын мүлікті өздеріне қайтарып алған. Сондықтан, сот осы аптада талапкерлер өз мүлкін қайтарып алғандықтан алаяқтық туралы арыздың қажеті жоқ деген шешім қабылдады.
«Сот шешімі, Әблязовтң немесе оның сыбайластарының дәлделдеріне емес, құқықтық-техникалық сұрақтарға негізделген. Алматы әкімдігі мен БТА банкі алқабилері Әблязов пен оның сыбайластары қылмыс жасағанына көз жеткізеді және талапкер бұғаттаған ондаған миллион долларды қайтарады деп үміттенеді», - деп жазады Әділет министрлігі