Сапар аясында Рим Папасы еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар аясында Рим Папасы еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.