Кеңейтілген отырыста партияның 2020 жылғы негізгі міндеттері талқыланады
Бұл туралы ақпаратты ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жариялады.
«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына шақыру туралы қаулыға қол қойды. Отырыста «Nur Otan» партиясының 2020 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланады», - деп жазды ол.