Қырғыз басшысы Тоқаевқа телефон арқылы алғысын білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болған

Фотоколлаж

Ақорда сайтының хабарлауынша, екі елдің басшысы қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастардың қазіргі ахуалын және оны одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылаған.

«Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің 2019 жылғы қарашада Қырғыз республикасына жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру қажеттігі айтылды. Тараптар кеден бекеттеріндегі жүк тасымалы рәсімдерін жеңілдету мақсатында цифрлық технология саласы бойынша ықпалдастық орнату мәселесін қарастырды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Ухань (ҚХР) қаласынан қырғыз азаматтарын эвакуациялауға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірген.