Жиында оның құрамы мен ережесі бекітілді
«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында Энергетика комитетінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Жиында оның құрамы мен ережесі бекітілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Комитет төрағасы болып Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов сайланды.
Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев атап өткендей, осы алаңда мүдделі мемлекеттік органдардың, ірі энергетикалық корпорациялардың, өңірлік кәсіпорындардың, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен энергетика саласының мәселелері тұрақты негізде талқыланады.
Комитеттің алғашқы отырысы келесі айда еліміздің энергетикалық орталығы - Павлодар қаласында өтеді.