ШұғылCOVID-19: өткен тәулікте 1266 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанның Ресейдегі елшісі тағайындалды

Бұған дейін Ресейде елші болған Иманғали Тасмағанбетов зейнет жасына жетуіне байланысты демалысқа шықты

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Ермек Беделбайұлы 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша тәмамдаған. 1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясынның халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығын алған.

Әр жылдары ШҚО әкімінің бірінші орынбасары (2010-2014 жж.), Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары (2014-2016 жж.), Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы (2016-2018 жж.), Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (2018-2019 жж.) сияқты жауапты қызметтерде болған.  2019 жылдан бастап Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымын атқарған.