Қазақстан Сирия бойынша кездесуді қазан айында өткізуге дайын

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның Сыртқы істер министрінің айтуынша, Қазақстан кездесудің нақты күнін растауды күтіп отыр

Фото: sputniknews.kz

Қазақстан астанасында Сирия бойынша кездесу өткізу жоспары өз күшінде қалады, деп мәлімдеді Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

«Кездесу қазан айына жоспарланып отыр», - деп жазады kommersant.ru сайты.

«Біз өз тарапымыздан дайынбыз», - деді министр. Тілеуберді мырзаның айтуынша, Қазақстан кездесудің нақты күнін растауды күтіп отыр.

Астана форматындағы жоғары деңгейдегі кездесу тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Оған кепіл елдердің делегациялары — Иран, Ресей, Түркия, Сирия үкіметі және Сирия оппозициясы қатысты. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдері шақырылды.