Депутаттар Қазақстан халқы ассамблеясының телеарнасын ашуды ұсынды

Автор: Azattyq Rýhy

Мәжіліс депутаты Всеволод Лукашев Қазақстан Халқы Ассамблеясының өз телеарнасы болу керек деп есептейді. Бұл талы кеше ассамблеяның депутаттық тобының отырысында айтылды.

Лукашев Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі,  Ақпарат комитетінің төрағасына аталған телерананы ашу үшін қаражат бөлу жөнінде өтініш білдірді.

«Сіздерден ҚХА-ның өмірі мен қызметі туралы екі тілде көрсететін мемлекеттік телеарнаның ашулуына қаржы бөлулеріңізді өтінеміз. Онда этностардың жағымды имиджі мен ел дамуына қосып жатқан үлесі айтылуы керек», - деді депутат.

Жалпы, депутаттар еліміздегі этностардың БАҚ-ы дамымай жатқанына алаңдаулы. Айтуларынша, Қазақстанда түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тілдерінде шығатын басылымдардыың тиражы азайып бара жатыр, себебі мемлекет қолдауы жеткіліксіз. Сонымен қатар мұндай газет, журналдар заманауи медианарық тенденцияларына ілесіп, интернет кеңістігінде таратылмайды.  Сондықтан,  2021 жылдан бастап өзге тілде шығатын басылымдарды мемлекет құн салығынан  босатпақ.  Ақпарат комитетінің мәліметінше, қазір Қазақстанда 12 тілде жазатын БАҚ тіркелген.  Олар өзбек, ұйғыр, корей, неміс, украин, түрік, т.б. тілдерінде шығады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан