АҚШ Ресейге жаңадан санкциялар салды
Бұл жолғы тізімде Владимир Путин мен оның отбасы мүшелері бар
АҚШ Президенті Джо Байден Ресейге қарсы тағы да санкциялар тізімін жариялады, деп хабарлайды "Хабар24".
Бұл жолы нысанаға іліккендер Владимир Путин мен оның отбасы мүшелері, сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың отбасы мен Ресейдің қауіпсіздік кеңесінің мүшелері. Олардың арасында Дмитрий Медведев пен Михаил Мишустин бар.
Сонымен қатар қара тізімге Ресейдің Сбер мен Альфа-Банктері де енген. Олардың АҚШ қаржы жүйесімен байланысы бар барлық активтері бұғатталады. Ұлыбритания да бұдан былай Ресейге құйылатын инвестициясын тоқтатып, Сбербанктің активтерін бұғаттады. Сондай-ақ болат пен темірден жасалған ресейлік тауардың импортын шектеп, мұнай өндірісіне қажетті жабдықтарды экспорттамайтын болды. Ал 2022 жылдың соңына дейін Ресей көмірі мен қара алтынның импортын толық тоқтатуды көздеп отыр.