Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Azattyq Rýhy

Екі ел басшылары бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың және аймақтық кооперацияны кеңейтудің перспективаларын талқылады.

«Екі ел басшылары сауда-экономикалық және өзара мүддені көздейтін басқа да салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға ерекше назар аударды.

Тараптар өзбек көшбасшысының былтыр желтоқсанда Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты», - делінген ақпаратта.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан тарапы бастамашы болды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.