Бұл туралы Жолдау кезінде Президент айтты
Қазақстанда Абай, Ұлытау және Жетісу атты жаңа үш облыс құрылады. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
«Ең алдымен, Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады», - деді Тоқаев.
Дегенмен Президент бұл өңірдегі әлеуметтік жағдай өте күрделі екенін, сондықтан, оны шешу керек екенін атап өтті.
«Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған», - деді ол.
Сонымен қатар, Президент жаңадан Ұлытау облысы құрылып, оның орталығы Жезқазған болатынын мәлім етті. Ал, екіге бөлінген Алматы облысынан Жетісу атты жаңа облыс «отау» болып шығып, оның орталығы Қапшағай болатын болды.