$ 518.07  595.21  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.03.2022, 12:00
Саясат

Қазақстанда Конституциялық сот құрылады

Президенттің айтуынша, бұл әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болмақ

Қазақстанда Конституциялық сот құрылады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда Конституциялық сот құрылады. Бұл туралы бүгінгі Жолдау кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Демократия тарихы дегеніміз – ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы. Сондай-ақ, сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деуге болады. Осы орайда, мен байқаушылардың құқықтары мен жауапкершілігі нақты белгіленуге тиіс деп санаймын», - деді Тоқаев. 

Сондықтан Президент Қазақстанда жаңа Конституциялық сот құруды ұсынып, адам құқықтары жөніндегі уәкіл қазіргі соттардың шешімімен келіспеген жағдайда, осы сотқа жүгінуге болады деді. 

 «Мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын. Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін», - деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары